Біз студентіміз Сергей Лидің қайғылы қазасы туралы өкінішті хабар алдық.
Студенттің отбасы мен туған-туыстарының, достарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.
Сергей өте жарқын және ақкөңіл адам болды.
Университет өз тарапынан марқұмның отбасына барлық қажетті көмек пен қолдау көрсетеді.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары қайғылы жағдайдың себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.