ҚБТУ-да Бизнес мектеп студенттері үшін IMA (Institute of Management Accounting) өкілдерімен қонақ дәрісі өтті, онда халықаралық деңгейде танылған СМА кәсіби сертификаттау, осындай сертификаттаудан өту мүмкіндігі, ҚБТУ студенттері үшін гранттар және оқытушылар үшін артықшылықтар туралы айтылды. CMA сертификатын Басқару есебі жөніндегі мамандар институты (IMA) құрған. CMA Институты (Certified Management Accountant – Сертификатталған Басқару есебі маманы) беделді кәсіби сертификаттауын басқарады және басқару есебі бойынша маман сертификатын алу үшін емтихандардың өткізілуін қадағалайды.
Қонақ дәрісінің спикері IMA Еуропалық кеңсесінің аға директоры А. Малдер (Нидерланды) болды.