Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) Халықаралық экономика мектебі (ХЭМ) студенттерінің Лондон университетінің дипломдарын алуының салтанатты рәсімі 2021 жылғы 27 қарашада өтті. Рәсім әл-Фараби залында және онлайн аралас форматта өтті. Біздің студенттерді ҚБТУ АҚ ректорының м.а. Маратбек Габдуллин және PwC Қазақстан басқарушы серіктесі Дана Іңкәрбекова мен Британдық Кеңестің Қазақстандағы аймақтық директоры Эрик Лоури құттықтады. Сонымен қатар студенттер Лондон университеті мен Лондон Экономика мектебі (LSE) өкілдерінің құттықтау хаттарын тыңдады. 

 

Біз осы жылы Лондон университетінің 39 түлектен 15 үздік диплом алғанын қуана хабарлаймыз. Біз бүкіл әлемдегі студенттер арасында Лондон университетінің емтихандары бойынша үздік нәтиже көрсеткен студенттерімізді мақтан тұтамыз. Рәсім барысында біз Лондон Экономика мектебінің алғыс хаттарын алған студенттеріміздің және Лондон университетінің емтихандары мен АР емтихандарының нәтижелері бойынша ҚБТУ-дағы үлгерімі бойынша ең жақсы көрсеткіштері бар студенттердің есімдері аталды.