2021 жылғы 1-3 қараша аралығында ҚБТУ базасында Орталық Азиядағы энергетикалық және гидротехникалық кешендердің инновациялары мен жаңғыртылуы жөніндегі халықаралық Форум өтеді.

Үкіметтер, жеке және қаржы секторларының сарапшылары өз көзқарастарымен бөліседі, мүмкіндіктер туралы хабардарлықты арттырады, неғұрлым тығыз ынтымақтастық өңірлік теңгерімсіздіктерді қалай еңсере алатынын зерттейді.

Бұл халықаралық форум өңірлік ынтымақтастықты нығайту үшін қажетті платформаны ұсына алады. Осыған орай, қатысушылар қоғамдық дамудың негізі ретінде энергия мен суға қатысты кең салаларда, соның ішінде:

  • жаңартылатын энергия көздері,
  • энергияны көп қажет ететін салаларды декарбонизациялау,
  • дөңгелек көміртегі экономикасы, инновация және сауда.

 

Қатысушыларға аймақтық диалогтар мен семинарлар сериясында Орталық Азия үшін маңызы бар басымдықтарды белгілеуді ұсынады.

Толық ақпарат сілтеме бойынша: https://kbtu.edu.kz/ru/activity/1935-mezhdunarodnyj-forum-po-innovatsiyam-i-modernizatsii-ispolzovaniya-vodnykh-i-energeticheskikh-resursov-v-tsentralnoj-azii