2021 жылғы 18 қазанда Қазақстан-Британ Техникалық Университеті мен ҚР ІІМ Академиясы өкілдерінің кездесуі өтті.

 

ҚБТУ тарапынан: ректордың М. А. (Басқарма төрағасы) – М. Т. Габдуллин, академиялық мәселелер жөніндегі проректор – А. К. Джумасейтова, қосымша білім беру және бизнесті дамыту жөніндегі Басқарушы директор – Ж. М. Таренова, АТФ деканы – А. С. Бисембаев, АТФ сениор лекторы -А. Ж. Иманбаев, АТФ сениор лекторы – М. О. Бегенов қатысты.

 

ҚР ІІМ Академиясы делегациясының құрамы: М. Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының бастығы, п.ғ.д., з.ғ.к., доцент, полиция полковнигі А. М. Сайтбеков, М. Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясы бастығының орынбасары, з. ғ.д., доцент, полиция полковнигі А. Т. Байсеитова, М. Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының киберқауіпсіздік және ақпараттық технологиялар кафедрасы бастығының м. а., PhD, полиция майоры А. К. Бекишев, М. Есбулатов атындағы ҚР ІІМ Алматы академиясының киберқылмысқа қарсы іс-қимыл жөніндегі мамандарды даярлау орталығының бастығы, полиция подполковнигі Б. Т. Байсейітов

 

Тараптар білім беру процесі бойынша одан әрі жемісті ынтымақтастық мақсатында меморандумға қол қойды.

 

Алдыңғы кездесуде киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық қорғау органдарын жаңғырту және цифрландыру үшін кадрлар даярлау саласындағы бірлескен жұмыс мәселелері талқыланды.