2021 жылғы 8 маусымда "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ президенті Айнұр Бағдатқызы Карбозованың Қазақстан-Британ техникалық университетіне сапары өтеді. Іс-шараның басты тақырыбы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә. Назарбаев құрған "Болашақ" бағдарламасы.
"Болашақ" бағдарламасы шеңберінде ел экономикасының басым секторлары үшін кадрлар мен мамандар даярлау жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта бағдарлама академиялық оқудан (магистратура, докторантура, резидентура) өтуді, сондай-ақ әлемнің жетекші университеттері мен компанияларында ғылыми-өндірістік тағылымдамадан өтуді қамтиды.
Кездесуде "Болашақ"бағдарламасы аясында әлемнің жетекші ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан, магистратура мен докторантурадан өту мәселелері бойынша кооперация мәселелері талқыланды. Осы саладағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
2021 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Оның ішінде 385 стипендия магистратура бағдарламаларына, 60 стипендия докторантура және резидентура бағдарламаларына, 110 стипендия педагог қызметкерлердің, мемлекеттік қызметшілердің, денсаулық сақтау саласындағы қызметкерлердің, инженерлік-техникалық қызметкерлердің тағылымдамадан өтуіне арналған. 500 стипендия әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін қазақстандық ғалымдарға берілетін болады.
Стипендияға үміткерлерге академиялық оқу үшін 80 мамандық және тағылымдамадан өту үшін 137 мамандық ұсынылады.