MIT АҚШ пен әлемдегі ең беделді техникалық оқу орны болып табылады.
27 сәуір күні ҚБТУ ректоры Маратбек Габдуллин АҚШ Массачусетс технологиялық институтының профессоры және MIT Sloan System Dynamics Group директоры Джон Штерманмен кездесу өткізіп, ынтымақтастық жолдарын талқылады. Сапар барысында ҚБТУ ректоры қазақстандық университеттің үлкен деректермен жұмыс істеу және энергоөткізу саласындағы бастамасы туралы айтып берді.
Екі университеттің диалогы нәтижесінде ҚБТУ өкілдері System Dynamics қауымдастығына қосылу туралы шешім қабылдады. Бүгінгі таңда жүйелік динамика бүкіл әлемде оқытылады және оны корпорациялар, коммерциялық емес ұйымдар, мектептер мен үкіметтер: ұйымдық өзгерістерден климаттың өзгеруіне, физиологиядан фискалдық саясатқа дейінгі әртүрлі салалардағы күрделі мәселелерді шешу үшін пайдаланады. MIT Sloan System Dynamics Group-тағы ағымдағы зерттеулер ұйымдастырушылық мүмкіндіктер мен стратегияларға, процестерді жақсартуға, экологиялық және әлеуметтік тұрақтылыққа, климаттың өзгеру саясатына, балама отындарға және жаһандық денсаулық сақтауға бағытталған. Модель пайдаланушылар жүктейтін деректерге сүйене отырып, болжамды дәл шығарады.
Қазақстан-Британ техникалық университетінің ректоры, Маратбек Габдуллин: "Қазақстандық ЖОО-ның бүкіл әлемдегі оқу орындары арасындағы көшбасшы MIT-пен ынтымақтастығы Қазақстанның бүкіл білім беру жүйесі үшін өзінің оң еңбектерін беретініне сенімдіміз. Біз бұл мәселе бойынша жұмыс істей бастадық және оң пікірлер алдық. Біздің үш студентіміз осы бағытта диплом жазуда. Келесі семестрден бастап магистранттар мен докторанттарды қосуды жоспарлап отырмыз. Әрине, біз оқытушыларды да осы курсты өз дәрістерінде қатар оқи алатындай етіп оқытқымыз келеді".
System Dynamics оқу курсы ҚБТУ-да жаңа оқу жылынан бастап оқытыла бастайды. Студенттер алған білімдерін ғылыми және зерттеу жұмыстарында қолдана алады.