Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылым-білім беру қоры 27 000 теңгеден тұратын ай сайынғы 25 студенттік шәкіртақы беру үшін конкурс жариялайды.
Бағдарламаға қатысушылар: 18 жастан асқан Қазақстан азаматтары, қазақстандық университеттерде ғылыми-жаратылыстану, техникалық, медициналық және IT мамандықтары бойынша бакалавриаттың 2-3- курстарында немесе магистратураның 1-курсында және интернатураның 1-курсында білім алып жатқан студенттер,
Гранттар саны: 25
Ш.Есенов атындағы шәкіртақы конкурсына қатысу үшін үміткер:
Қор сайтындағы онлайн-өтінімді толтыруы;
Өтінімге міндетті және қосымша құжаттарды қосымша тіркеуі тиіс.
Міндетті құжаттар:
Жеке куәліктің сканы;
«Мен Қазақстан ғылымы үшін не жасадым және не жасаймын? Сіз үшін не маңызды және неліктен?» тақырыптарына өз уәждемелік хатын жазу (уәждемелік хат жазбаша түрде ғана ұсынылуы тиіс);
Студент транскрипті (GPA -дің орта балы 3,0-ден төмен болмауы);
Магистратура студенттері үшін жоғары білімі туралы диплом көшірмесі (бакалавр, мамандығы).
Қосымша құжаттар:
Ғылыми сертификаттар/дипломдар – 2 сертификаттан артық емес*;
Әлеуметтік белсенділігі мен волонтерлік сертификаттары– 3 сертификаттан артық емес*;
Жарияланымдар – 2 жарияланымнан артық емес*;
*Қор сертификаттардың лимиттелген саны қарастырады. Үміткер өз бетімен жетістіктерін мейлінше үздік бейнелейтін сертификаттарын іріктеп ұсынуы тиіс.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 20.02.2020ж. дейін*.
*Өтінімдерді қабылдау 20 ақпанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша (GMT+6) сағ.15:00-де аяқталады
Барлық өтінімдер https://yessenovfoundation.org/zayavka-2020/ сілтемесі бойынша (20.01. бастап) онлайн толтырылады.