12 желтоқсанда «Іскерлік байланыстар» жобасының шеңберінде ҚБТУ-да Герман халықаралық ынтымақтастық қоғамы (GIZ) мен «Атамекен» НПП өкілдерімен университет ректорының кездесуі болып өтті. Кездесуде жоба бойынша ынтымақтастық пен өзара қарым-қатынасты кеңейту мүмкіндіктерінің мәселелері талқыланды.
ҚБТУ ИНИИТ және «Атамекен» НПП бірлесе іске асырған «Іскерлік байланыстар» жобасының бірінші сатысы аяқталды. Ол Қазақстанның 17 қаласынан 741 тыңдаушыны қамтыды. Үш апталық оқу барысында кәсіпкерлер басқару құзыреттіліктері мен сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға қатысты бағыттар бойынша теориялық және практикалық білім алды. Табысты тыңдаушылар оқудың екінші сатысы – GIZ қоғамының сүйемелдеуімен Германияда әрі қарайғы тағылымдамаға жіберілетін болады.
Бірлескен жобаның ақырғы нәтижесі Қазақстан Республикасы индустриалдық-инновациялық қажеттіліктері мен бизнес-қауымдастық сұраныстарына сәйкес экономиканың алуан түрлі салаларына арналған жоғары білікті және сұранысқа ие техникалық мамандарды сапалы дайындау болады.