Тәуелсіздік күніне орай ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев ғалымдарға, педагогтарға, дәрігерлерге, мәдениет қайраткерлеріне және өндіріс өкілдеріне жоғары марапаттар тапсырды. Марапатталғандар арасында белгілі қазақстандық ғалым, ҚБТУ Математика және кибернетика ғылыми білім беру орталығының (МжК ҒБО) профессоры Асқар Жұмаділдаев та бар.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы 36 ҚР көрнекті ғылым мен мәдениеті өкілдеріне, соның ішінде ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, математик Асқар Жұмаділдаевқа берілді. Мемлекет басының тиісті жарлығы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары туралы» 12.12.95ж. № 2676 ҚР Заңы негізінде белгіленген. Атақ Республика алдындағы сіңірген зор еңбегі үшін көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлеріне, ғылым, мәдениет, өнер, өндіріс және әлеуметтік сала өкілдеріне беріледі.
Асқар Серқұлұлын марпатымен құттықтаймыз және оған мықты денсаулық пен жаңа ғылыми табыстар тілейміз!