10 желтоқсанда  ректор Кенжебек Ибрашев бастаған ҚБТУ басшылығының университет магистранттарымен жоспарлы кездесуі болып өтті.

Кездесуде студенттік және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша сауалнама нәтижелері жария етілді.  Әртүрлі факультеттер магистранттарына ҚБТУ студенттік өміріндегі жаңа енгізілімдер, сондай-ақ докторантура бағдарламалары туралы айтылды. Кенжебек Ниязұлы университет үшін білім беру сапасы ең басым бағыт екенін атап көрсетті.

Кездесуде магистранттарға  өз көкейлеріндегі сауалдарын ректорға қою мүмкіндігі берілді. Барлық назар аударуға тұрарлық сұрақтарға жауап берілді, білім алушылардан түскен ұсыныстар жоғары оқу орнының тиісті құрылымдарына  жіберілді.