27 қарашада Елбасы қоры сыйлықақысы лауреаттары мен дарынды жастарының ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында «Ел мақтанышы» сыйлықақысын тапсыру рәсімі болып өтті. ҚБТУ «Химиялық инженерия» Ғылыми білім беру орталығының (ХИ ҒБО) түлегі Ернұр Төлеп сыйлықақы лауреаттарының бірі атанды.
«Ел үміті» бастамасы шеңберінде тағайындалған «Ел мақтанышы» сыйлықақысы математика, физика, химия, информатика, биология және география бойынша мектеп оқушылары арасында өтетін ең беделі халықаралық олимпиадалар жеңімпаздарына беріледі. Сыйлықақы шеңберінде халықаралық біріншіліктегі алтын медаль үшін жүлдегер мен жаттықтырушыға – 2 миллион, «күміс» үшін - әрқайсысына 1 миллион теңге, «қола» үшін - 500 мың теңге сомасында сертификат тапсырылады.
Ернұр Төлеп биыл Парижде өткен халықаралық олимпиадада бір күміс және үш қола медальды жеңіп алған химия бойынша Қазақстан ұлттық командасының жетекшісі және жаттықтырушысы ретінде сыйлықақы лауреаты атағына ие болды.
Бұрынырақ ҚБТУ ХИ ҒБО-ның 2-оқу жылы магистранты Толғанай Жарқынбек ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының шәкіртақысы иегері болған еді.
Биыл ҚР Тұңғыш Президенті Қорының студенттік шәкіртақысын алу үшін келіп түскен 350-ден аса өтінім ішінен конкурстық комиссия 80 жеңімпазды анықтады, олар оқу жылы бойы ай сайынғы негізде шәкіртақы алатын болады.
Конкурс жеңімпаздарының бірі – өзінің жетістіктерін үздік оқуымен, ХИ ҒБО-ның қоғамдық, ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді қатысуымен, конференциялар мен симпозиумдардағы баяндамалары және грамоталары, дипломдарымен дәлелдеген Толғанай Жарқынбек болды.
2010 жылдан бері өтікізіліп келе жатқан ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры конкурсының мақсаты жоғары және орта арнаулы (өнер және мәдениет) оқу орындарының күндізгі бөлім студенттерінің оқу, ғылыми және шығармашылық қызметтерін ынталандыру болып табылады.