29-30 қарашада Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында мектеп оқушылары арасындағы информатика бойынша XІ Еуразиялық олимпиада болып өтті.

Турнир Қазақстан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген 56 үздік команданың басын қосты.

«Дарын» РҒПО мен Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика және оптика зерттеу университеті ұйымдастырған олимпиаданың мақсаты – оқушылар бойынша ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру,  мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін дамыту, есептеу ғылымдары, компьютерлік моделдеу және ақпараттық технологиялар саласындағы дарынды жастарды айқындау болып табылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша дарынды жасөспірімдерге арналған  «Білім-Инновация» лицей-интернатының оқушылары Алихан Абихас пен Рустем Хасанов І дәрежелі дипломдармен  марапатталды, сондай-ақ ҚБТУ-да оқу грантының (100%) иегерлері атанды.