Сессия қарсаңында ҚБТУ шахмат клубында дәстүрлі факультетаралық чемпионат болып өтті. Турнирға 6 команда қатысты, олардың арасында Бизнес мектебінің екі өкілімен қоса МжК ҒБО-ның екі және ЭжМГИФ пен АТФ-тен бір-бірден өкілдер қатысты. Кімнің қайдан екенін білу үшін Бизнес мектебі өкілдері «Мёдоеды» және «Всеядные» атауларын иемденді. Осының арқасында шахмат үшін қай диета мейлінше дұрыс болып табылатын білуге мүмкіндік туды. МжК ҒБО ойыншылары TheDoors және «Исахов командасына» бөлінді.
Бастапқыда ЭжМГИФ мен «Мёдоеды» көшбастады. Алайда, екінші турдан соң-ақ оларды АТФ командасы қуып жетті. Сайыс тегеурінді өтті. Командалар бір-бірін бастырмалата алға ұмтылды.
Ақыр соңында бірінші орынға арналған кубокты Ақпараттық технологиялар факультеті шахматшылары, ал екінші және үшінші орындар кубоктарын Бизнес мектебінің «Мёдоеды» жәнеи «Всеядные» командалары қанжығаға басты. Мұнымен қоса, кейбір қатысушылар жеке ынталандыру жүлделерін иемденді.
Жеке жетістіктер чемпионат шеңберінде тіркелмегенімен, турнирдің ең нәтижелі шахматшыларын атап өткен жөн. Жігіттер арасында барлық өз партияларында Тимур Нұржанов («Всеядные») және Нұрдәулет Мелисов (АТФ) жеңіске жетсе, ал қыздар арасында небәрі жарты ұпай жоғалтқан Гульбина Болатбеккызы (АТФ) және Шахиня Абдусаламова (Мёдоеды») тамаша ойын көрсетті.
Жаңа турнирді асыға күтеміз!
Виктория Бодрая, ЭжМГИФ, 1- курс