Үстіміздегі жылдың 13-17 қарашасы аралығында Бельгияның Брюссель қаласында VIII Ашық Дүниежүзілік Кітап форумы және Әдебиет фестивалі (OEBF-2019) болып өтті, оған ҚБТУ Пән-Бастау факультетінің сениор-лекторы Дана Жетеева қатысты. Аталған конкурс жер шарының әр түрлі елдеріндегі шығармашыл адамдардың басын қоса отырып, жыл сайын әртүрлі қалалар мен елдерде өткізіледі.
Дана Өтегенқызының бұл конкурсқа тұңғыш қатысуы емес. Ол өткен жылы «Әдеби аударма» номинациясы бойынша 3-орынға ие болған еді. Биыл конкурсқа 30-дан аса әлем елінен 1200-ге жуық өтінім келіп түскен. Бұл жолы ол «Әдеби аударма» санатына Ресей ақыны Айи Ли «В моей груди» өлеңін ағылшын тіліне аударма жасау арқылы қатысып, өзге де дарынды жазушылар, ақындар және аудармашылармен бірдей халықтар арасындағы бейбітшілікті, татулық пен өзара түсіністікті нығайту тақырыбына арналған үздік жұмысы үшін «Генералы мира за мир» сертификатын иеленді.
Брюссельде Қазақстанннан келген делегация Бельгия Корольдігіндегі Қазақстан Елшілігіне шақырылды. Мұндағы кеш Абай Құнанбаевтың алда тұрған 175 жылдық мерейтойына арналды. Кеште ұлы қазақ ойшылы және ақынына арналған өлеңдер мен жұмыстар тыңдалды. Қонақта болған ақын-жазушылар отаннан шалғай жүрген Қазақстан Республикасының елшісі әрі дипломаты Айгүл Құспанға өз кітаптарын сыйға тартты.