Құрметті ханымдар мен мырзалар!
Сіздердің назарыңызға Конрад Аденауэр атындағы SURPLACE бағдарламасын қуана ұсынамыз!
Аталған бағдарлама көмегімен Конрад Аденауэр атындағы қор қарым-қабілеттерін білім алу барысында ашуға ғана ұмтылып қоймай, сонымен қатар алған білімін, күш-жігерін және игі бастамаларын еліміздің саяси және әлеуметтік өміріне қатысу үшін арнауға даяр дарынды жастарға қолдау көрсетеді.
SURPLACE гранты 5 ай мерзімге берілетін ай сайынғы қайтарымсыз қаржылай төлемнен тұрады.
Аталған конкурсқа кім қатыса алады?
Қордың шәкіртақы иелері Қазақстанның жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын және конкурстық іріктеуден өткен Қазақстан Республикасы азаматтары бола алады. Соңғы курста оқитын студенттерге шәкіртақыны тағайындау ерекше жағдай түрінде ғана болуы мүмкін. Конкурсқа құжат тапсыратын қатысушының жасы 30-дан жоғары болмауы тиіс. Конкурстық іріктеу барысында артықшылық белсенді өмірлік көзқарасқа ие, ой-өрісі кең, мақсат көздеп, ұмтылатын, өз елінің қоғамдық-саяси өміріне қатысуға тырысатын студентке беріледі. Шетел тілдерін білу құпталады, бірақ міндетті болып табылмайды.
Конкурстық іріктеу
Болашақ шәкіртақы иелері екі сатылы конкурстық іріктеуден өткізіледі: төменде көрсетілген құжаттар пакетін тапсыру және сұхбаттасудан өту.
Қайда және қалай қатысуға болады?
Іріктеу конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет:
- үміткердің жаңа фотосуреті берілген сауалнаманы толтыру – сауалнама формасын www. kas.de/web/kasachstan сайтынан жүктеп алуға болады;
- 3*4 форматтағы 1 фотосурет;
- Түйіндеме (неміс тілінде немесе ағылшын тілінде);
- Неміс немесе ағылшын тілінде жазылған негіздеме хаты, онда оқу мақсаты мен алған білімін келешек кәсіби қызметте қолдануы жөніндегі жоспары қысқаша (ең көп дегенде 2 бет) баяндалуы тиіс;
- Неміс немесе ағылшын тіліне аударылған, университет тарапынан расталған, қосымшасы бар білімі туралы құжаттар көшірмесі (магистратура, докторантурада білім алушылар үшін);
- Неміс немесе ағылшын тілінде ЖОО-ның екі оқытушысынан ұсынымхат, онда үміткердің оқу, саяси немесе әлеуметтік қызметке қатысуына баға берілуі және оқытушының байланыс телефондары және/немесе электрондық поштасының адресі көрсетілуі тиіс;.
- Оқ орнынан анықтама (Неміс немесе ағылшын тіліне аударылған).
Құжаттардың толық пакетін Поштамен келесі мекенжайғажолдау қажет:
Қазақстандағы Конрад Аденауэр атындағы ҚОР өкілдігі
- ұр-Сұлтан қ.
- абанбай Батыр даңғылы 6/3-82
- SPS конкурсына»
Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 20.01.2020 (жөнелтімнің пошиалық штемпелі)
Сұрақтар туындауы барысында Халықаралық ынтымақтастық департаментіне хабарласыңыз (426- каб., +7 727 357 42 67 ішкі. 173).