13 қарашада ректор Кенжебек Ибрашев бастаған ҚБТУ басшылығының Студенттік басқарма мен студенттік ұйымдар жетекшілерімен қоса университеттегі студенттер активімен жоспарлы кездесуі болып өтті.
Кездесуде бұрын өткен кездесу нәтижесіне сәйкес шешімін тапқан студенттік және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша есеп беру презентациясы өткізілді.
Студенттер ҚБТУ студенттік өміріне енгізілген жаңалықтар туралы, сондай-ақ магистратура және докторантура бағдарламалары жөнінде баяндады.
Кенжебек Ниязұлы 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланғанын еске салып, университет үшін басым бағыт білім сапасы болып табылатынын атап өтті.
Кездесуде студенттер ректорға өз сұрақтарын қою мүмкіндігіне ие болды. Барлық назар аударуға тұрарлық мәселелер мен ұсыныстар жоғары оқу орнының тиісті құрылымдарына бағытталды.