12 қарашада ректор Кенжебек Ибрашев бастаған ҚБТУ басшылығы шетелдік студенттермен кездесу жасады.
Өзге елдерден келген студенттер ҚБТУ-дың халықаралық ынтымақтастығы және студенттік ұйымдары туралы, сондай-ақ магистратура және докторантура бағдарламалары туралы ой бөлісті.
Ректор университетте берілен маңызды басымдықтардың бірі халықаралық ынтымақтастық пен шетелдік студенттер санын ұлғайту екенін атап көрсетті, сондай-ақ 2019 жыл Қазақстанда Жастар жылы болып жарияланғанын еске салды.
Кездесуде студенттердің өздерін мазалаған сұрақтарын ректорға қоюға мүмкіндігі болды. Назар аударарлық мәселелер мен ұсыныстардың барлығы жоғары оқу орнының тиісті құрылымдық бөлімшелеріне бағытталды.
Естеріңізе сала кетелік, қазіргі сәтте ҚБТУ-да Йемен, Сомали, Нигерия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Ауғанстан, Тәжікстан, Моңғолия және Өзбекстан сияқты елдерден келген 82 шетелдік студент білім алуда.