ҚБТУ-да 4 қазанда Қазақстан құрама командасы мен "Қайрат" АФК-нің футбол бойынша бас бапкері "Кака"- Пауло Рикардо Фигуейра Сильваның қонақтық дәрісі өтті.
Пауло Рикардо өз өмірбаяны туралы, футзалмен шұғылдануды қалай бастағаны және ойыншы ретінде де, бапкер ретінде табысқа қалай қол жеткізгені туралы әңгімеледі. Сондай-ақ бапкерлік кәсіпке қалай келгенін, клуб пен құрама команда жұмысы арасындағы айырмашылық неде екенін, футзал бойынша Чемпиондар Лигасына дайындық қалай жүріп жатқанын түсіндіріп, алда тұрған маусым арналған жоспарларымен бөлісті.
Студенттердің қойған сұрақтарына Пауло Рикардо зор ықыласпен жауап берді. Кездесу соңында ол шақыру үшін өз алғысын білдіріп, "Қайрат" АФК базасында ҚБТУ студенттерімен жаттығу өткізуге уәде берді.