30 қыркүйекте Қазақстан-Британ техникалық университетіне Венгрия жоғары оқу орындары делегациясы ресми сапармен келді.

Венгер ректорлары конференциясының құрметті президенті, Габор Денес колледжінің ректоры, доктор Gábor Keszthelyi-Szabó, Обудинский университетінің білім беру бойынша проректоры, доктор Márta Seebauer, Венгер ректорлары конференциясының Еуропалық және халықаралық хатшысы Petra Perényi және Венгрия Бас консулдығының сауда өкілі György Tar ҚБТУ басшылығымен білім беру және ғылыми бағыттар бойынша ынтымақтастық жобалары мен  бірлескен іс-шаралар жоспарын талқылады.

Қонақтар ҚБТУ қызметімен және жетістіктерімен танысты, Қазақстан теңіз академиясы симуляторларында, Bloomberg зертханасында, сондай-ақ тарихи Дөңгелек залда болды.