5 қыркүйекте ҚБТУ-да итальяндық Enel компаниясыныңөкілдерімен ашық кездесу – GENSTalks іс-шарасы болып өтті.

Enel делегациясы ҚБТУ-дың BG Hall-ында іскерлік келіссөз жүргізді, одан соң Баламалы энергетика және нанотехнологиялар (БЭжН) ҒБО-ға, Дөңгелек зал мен ҚБТУ-дың жеке күн электр станциясы орнатылған Алатау "ИТП" АЭЗ-ға экскурсиялар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ GENSTalks шеңберінде БЭжН ҒБО-ның басшысы профессор Каир Нусуповтың қатысуымен жаңа энергетикадағы инновациялар рөлі туралы панельдік пікірталас, сондай-ақ PhD Дина Бакранованың қатысуымен іріктеуден өткен бейінді стратаптардың питч-сессиясы болып өтті.