ҚБТУ-да 21 тамызда «2018-2019 оқу жылы қорытындылары, 2019-2020 оқу жылына жоспарлар» тақырыбында Педагогикалық кеңесі болып өтті.
ҚБТУ басшылығы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерін өткен оқу жылы жұмыстарын талдау нәтижелерімен таныстырды, жаңа оқу жылына жаңа міндеттер қойды және жақын келешек жоспарлары мен стратегиялық басымдықтарын белгіледі. Кеңеске қатысушылар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын білдірді.
Сондай-ақ педкеңес шеңберінде ҚБТУ ОПҚ және студенттерін университет игілігі үшін белсенді қызметі үшін марапаттау рәсімі өткізілді, сондай-ақ ҚБТУ ОПҚ мен қызметкерлеріне арналған оқу-әдістемелік семинар өткізілді.