20 тамызда Пекиндегі Қытай мұнай университеті делегациясы мен Алматы қ. ҚХР ғылым мен техника бойынша консулы Қазақстан-Британ техникалық университетіне ресми сапармен келді. Сапар шеңберінде Халықаралық Энергетика университеттерінің Ассоциациясы Жарғысына қол қою рәсімі болып өтті.
Қытай мұнай университетінің (ҚМУ) проректор Хан Шанфэн мырза, Алматы қ. ҚХР ғылым мен техника бойынша консулы Ми Гуйсюн мырза бастаған өкілдері ҚБТУ басшылығымен кездесті.
Университет Ректоры Кенжебек Ибрашев Халықаралық энергетика университеттерінің Ассоциациясы Жарғысына қол қойды.
Қонақтар Қазақстан-Британ техникалық университетінің қызметі және оның қол жеткізген жетістіктерімен танысты, атап айтқанда Қазақстан теңіз академиясының симуляторларын тамашалады.
Естеріңізге сала кетелік, 2018 жылғы қыркүйекте ҚБТУ мен ҚМУ ынтымақтастық пен «Бір Белдеу және Бір Жол» Мұнай инженерлік институтын құру туралы келісімге қол қойған болатын. Оны құру және Қазақстан-Британ техникалық университетінің Халықаралық энергетика университеттерінің Ассоциациясына мүше болуы жас қазақстанның инженерлер ұрпағы үшін жаңа, атап айтқанда, мұнайгаз саласына арналған ғылыми толымды технологиялар мен материалдар әзірлеу саласында келешек көкжиектерін ашты.