ҚБТУ-да 25 тамызға дейін жаңа бағыт Health informatics ("Медициналық ақпарат") бойынша ақылы бөлімге құжаттар қабылдау ашылады.
Ақпараттық технологиялар факультеті. ҰБТ-ның бейіндік пәндері - химия және биология.
ҚБТУ-дың АЖ, ЕТжБЖ мамандығы бойынша АТФ түлектері "Медициналық ақпарат" бағыты бойынша ауруханаларда қызметкерлерге техникалық қолдау көрсету, ауруханалар қауіпсіздігін бақылау және ем-шаралар мен ережелер әзірлеуге көмек көрсету бойынша жұмыс істей алады. Сондай-ақ олар мемлекеттік органдар мен фармацевтикалық компанияларда талдау қызметтерін атқара алады.
Аталған бағыт бойынша түлектерге медициналық қолданысқа арналған құрал-жабдықтар мен бағдарламалық жасақтамалар әзірлейтін компаниялар, сондай-ақ сақтандыру компаниялары тарапынан да қызығушылық туады.
"Медициналық ақпарат" бағыты бойынша студенттер келесідей дағдылар мен сараптамаларға ие болады:
• медициналық және фармацевтикалық мекемелер үшін шешім қабылдау мен іс-қимылды жеңілдетуге арналған мәліметтер талдау;
• емделуші денсаулығын жақсартуға арналған мәліметтер негізінде шешімдер әзірлеу;
• денсаулық сақтау жүйесіндегі өзге де бөлімдермен ынтымақтастық орнату;
• емделушілерге күтім жасау мен процестер тиімділігін, мәліметтерді өлшеуге арналған аспаптарды әзірлеу және енгізу;
• бөлімдер арасындағы коммуникациялық, нормативтік және АТ-талаптарды жеңілдету.
ҚБТУ қабылдау комиссиясы: +7 (727) 357 42 51