12 шілдеде  ROMPETROL мұнай компаниясы мен Қазақстан-Британ техникалық университеті Румыниядағы  ROMPETROL кәсіпорындарында ҚБТУ студенттерінің өндірістік  іс-тәжірибеден өтуін ұйымдастыру саласында серіктестік туралы  меморандумға қол қойды.

Келісім студенттердің таңдаған мамандықтарына сәйкес  теориялық білімдерін бекіту және  өндірісте қолдану үшін практикалық дағдыларын тереңдету мақсатында оларға практикалық сабақтарды ұйымдастыруды көздейді. Бұл  ҚБТУ түлектерінің  еңбек нарығында мейлінше сұраныста болуына мүмкіндік береді.

Құжатқа ROMPETROL компаниясы тарапынан  «ҚазМұнайГаз-Инжиниринг» бас директоры – Гавит Куркимов, ҚБТУ тарапынан  акакдемиялық мәселелер бойынша проректор –   Гульзада Шакуликова қол қойды.

Естеріңізге сала кетелік,  үстіміздегі жылдың ақпан-наурызында ҚБТУ  «Химиялық  инженерия»  ғылыми білім беру орталығының (ХИ ҒБО)  студенттері бір жарым ай бойы   Румыниядағы Констанце қаласында   KMG International «Petromidia»  жоғары технологиялық мұнай өңдеу зауытында  қос тарапты оқу мен  дипломалды практикадан  өтті.

 Rompetrol  қазақстандық «ҚазМұнайГаз» мұнай компаниясына қарасты KMG International N.V. халықаралық мұнай компаниясы тобының сауда белгісі болып табылады.