Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) ТМД ЖОО арасында алғашқы болып  ерекше MBA in Digital Media магистрлік бағдарламасын іске қосады. Бұл тәжірибеге бағдарланған бағдарлама сандық дәуір талаптарына жауап береді және   журналистика, PR, IT, бизнес және құқық саласының басын қосады. Оқытуды ҚБТУ-дың  халықаралық оқытушылары және  Ұлыбритания мен АҚШ-тан келген  медиа саласындағы мамандар жүргізетін болады.

​​Бағдарламаның негізгі ерекшеліктері:

  • Іс-тәжірибеге  бағытталуы, әлемдік деңгейдегі кәсіби мамандардың воркшоптары
  • Оқыту тілі – ағылшын
  • Оқу мерзімі – 1 жыл
  • Шетелдік іс-тәжірибе (Дубай, Непал –сертификатпен расталады)
  • Мемлекеттік үлгідегі  ҚБТУ MBA дипломы

Бағдарлама журналистерге, PR және GR менеджерлерге, SMM мамандарға, блогерлерге бағытталған.

12 ай ішінде  студенттер ҚБТУ-да қарқынды практикалық және модульдік сабақтар алатын болады, сондай-ақ   журналистік немесе PR-тапсырмалар орындай отырып,  өз  қорытынды жобаларын  Дубайда немесе  Непалда  аяқтау мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарлама қамтитын түйінді білім салалары:

  • Журналистика және PR  әдістері мен дағдылары
  • Бизнес және басқару
  •  IT, жаңа бағдарламалар  мен қосымшаларды пайдалану дағдылары
  • Қарым-қатынас дағдылары
  • Халықаралық құқық, киберқауіпсіздік.

Бағдарламаның негізгі курстары:

- Стратегиялық менеджментке кіріспе

- Мультимедиа –курстар  жаңа АТ-технологиялар мен қосымшаларды  пайдалану, сайттар, интернет-блоктар, HTML-бағдарламалау, компьютерлік графика, арнайы эффектілер әзірлеуге арналған. Мақсаты – студенттерді  тез және өз бетімен  онлайн-контенттар әзірлеуге үйрету.

- Іскерлік қарым-қатынас дағдылары

- Мобильді  журналистика, репортаж жүргізу

- Жаһандану және стратегиялық  бәсекеге қабілеттілік

- Бұқаралық коммуникация мен  кәсіби әдеп нормалары теориясына кіріспе

- Құқыққа кіріспе: халықаралық құқық, киберзаңнама, зияткерлік меншік құқығы, сауда заңнамасы, адам құқығы

Факультативтік курстар:

- аудио- және бейне материалдар дайындау,  жаңалық мәтіндерін жазу;

- жұртшылықпен байланыс,  мемлекеттік органдармен байланыс, ішкі және сыртқы коммуникациялар;

- баспасөздегі ғаламдық мәселелер;

- халықаралық қатынас және журналистика;

- интернет-маркетинг, интернет-жарнама.

Озық MBA in Digital Media  бағдарламасы сандық әлемде  тез қарқынмен жұмыс үшін  «Сандық БАҚ-та іскерлік әкімшілік магистрі» дәрежесіне ие болатын маман, соның ішінде өзекті   медиа-технологияларды меңгерген және  бизнес пен этиканы терең түсінетін,  коммуникация және  контент өндірушілер саласында  мультимедиялық журналист, кәсіби маман  даярлауға мүмкіндік береді. Мұндай озық машықты мамандар ішкі, өңірлік және  халықаралық еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болады.

Оқу құны – 1 925 000 теңге (төрт апталық шетелдік  іс-тәжірибе  бөлек төленеді).

Байланыстар:

+7 (727) 272 21 80, +7 747 246 27 57

Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.