Бүгінгі таңда Қазақстан-Британ техникалық университеті еліміздегі жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі үздік бағдарламаның бірін ұсынады – ҚБТУ-дың өзекті магистрлік және докторлық бағдарламалары жетекші жұмыс берушілермен бірлесе әзірленген және нарық сұранысына бағдарланған.
Қазақстан-Британ техникалық университетінен иеленген ғылым магистрі және докторы дәрежелері инженерлік, технологиялық, іскерлік және басқару бағыттарындағы мансаптық мүмкіндіктермен қоса маңызды тұлғалық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді.
«Қазіргі заманғы экономика мен технологиядағы үздіксіз және қарқынды өзгерістер мамандардан үнемі трендте болуды, өзекті білім мен құзыреттіліктерді жедел үйренуді талап етеді, – деп атап көрсетті ҚБТУ ректоры Кенжебек Ибрашев. – Міне, бұл орайда біздің магистрлік және докторлық бағдарламалар сөзсіз көмектеседі».
Іс жүзіндегі сегіз магистратура бағдарламасы мен алты докторантура бағдарламасына толықтыру ретінде 2019 жылы университет жаңа магистрлік бағдарламаларды іске қосады:
- «Наноматериалдар мен нанотехнологиялар»,
- «Өнеркәсіптік жобаларды басқару және инжиниринг»,
- «Геология және пайдалы қазбалар кенорындарын барлау».
Докторантура бойынша - «Информатика, есептеу техникасы мен басқару» және DBA.
Бұл бағдарламаларды әзірлеу барысында еңбек нарығындағы сұранысқа басымдық берілді.
Жаңа мамандықтар ұсынумен қатар, ҚБТУ бұрынғы мамандықтарды оқыту сапасын жетілдіре түсуде. Бұлар «Мұнайгаз инженериясы», «Есептеу техникасы және бағдарламалық жасақтама», «Мәліметтерді талдау», «Киберқауіпсіздік», «Биоинформатика», «Жасанды Интеллект», «Математикалық және компьютерлік моделдеу», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұнай химиясы», «Қаржылық талдау», «Жобаларды және жеткізілімдерді басқару» және МВА / EMBA магистрлік бағдарламалары, сондай-ақ «Мұнайгаз ісі», «Математикалық және компьютерлік моделдеу», «Органикалық заттардың химиялық технологиясы», «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы», «Мұнай химиясы», «Наноматериалдар мен нанотехнологиялар», «Металлургия», «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Жобаларды басқару» және «Менеджмент» докторлық бағдарламалары.
Магистратура мен докторантураның барлық мамандықтарына дерлік мемлекеттік білім беру гранттары бөлінеді. Мұнымен қоса, Алматыға келіп, ҚБТУ-ға құжат тапсыру міндетті емес. Тек мемлекеттік грантқа конкурста ҚБТУ-ды көрсетіп, 25 тамызға дейін оқуға қабылдауға құжаттар тапсырып үлгеріңіз.
Өндірістен қол үзбей оқуға да мүмкіндік бар.
ҚБТУ-дың жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары қазақстандық және халыаралық агенттіктер және ACBSP, CFA, ACCA, ABET және т.б. сияқты рейтингтермен аккредиттелген. Оқытушылық-профессорлық құрам үздік отандық және шетелдік іскерлік және ғылыми саланың кәсіби шебер мамандарын қамтиды.
Университет қазақстандық және шетелдік компаниялар мен жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастыққа ие. Магистранттар мен докторанттардың таяу және алыс шетел жоо – УГНТУ (Ресей), Epitech (Франция), Universityof Dundee (Ұлыбритания), GenevaBusinessSchool (Швейцария), KozminskiUniversity (Польша), UniversityofMississippi (АҚШ), ShanghaiPolytechnicUniversity (Қытай) және т.с.с. академияылқ ұтқырлық және қос дипломдық бағдарламалары бойынша қосымша білім алуға мүмкіндігі бар.
2018-19 оқу жылы аталған бағдарламаларды ҚБТУ-дың 50 студенті пайдаланды, 2019-20 оқы жылы – 90 студенті таңдап үлгерді.
ҚБТУ магистранттары мен докторанттары ҰК «ҚазМұнайГаз», ТШО, NCOC, Eni, Schlumberger, Fluor және көптеген т.б. тәрізді жетекші локальдық және шетелдік компанияларында іс-тәжірибеден және тағылымдамадан өтеді.
Толығырақ ақпарат:
8 707 0202132, 8 (727) 3574282, 8 (727) 3574264
Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.