Халықаралық BigIdea Challenge стартатар  конкурсына Қазақстан-Британ техникалық университетінен қатысқан  DALATUNE командасы  Қазақстан бойынша конкурс жеңімпазы атанды, сондай-ақ  «Әлеуметтік  маңыздылық»  санаты бойынша үздік танылды. Британ Кеңесі қаржыландырған конкурс жоғары оқу орындарына арналған Creative Sparkfor Higher Education бағдарламасы шеңберінде өткізілді.

Рашида Тыливалдиева, Камиля Саитова және Сейлхан Галиевалар жетекшілік еткен DALATUNES командасы  Қазақстаннан қатысқандар ішінде үздік танылды, Украина, Грузия және ТМД-ның өзге де елдерінен келген командаларды басып озып, Британ Кеңесінің  CountryWinner және CategoryWinner  деп аталатын екі жүлдесін иеленді. Осылайша,  DALATUNES еліміз бен   Қазақстан-Британ техникалық университетін жас кәсіпкерлер арасында жоғары халықаралық деңгейде  паш етті.

 

Енді Dalatunes командасы  халықаралық конкурс жеңімпазы ретінде  Лондонда буткамптан өтіп,  стартап  айналымы тәжірибесіне және  Ұлыбритания инвесторлары байланысына ие болады.

 

DALATUNES жобасы  қазақ және қазақстандық музыкаға арналған. Жоба шеңберінде ежелгі уақыттан бүгінгі күнге дейінгі  көптеген қазақстандық  этникалық музыкалық шығармалар табылып,  қалпына келтірілді, таңбаланды және www.dalatunes.kz сайтына  (қазіргі кезде сайт  реконструкциялануда) салынды. Қазақ халық музыкалық аспаптарына арналған бейне роликтер сериясы, мұнымен қоса  оларда ойнау тәсілі бойынша бейне сабақтар  құрылды. Сондай-ақ  фольклорлық  музыкаға арналған  мобильдік қосымша (Shazam сервисінің аналогы) әзірленді, оны іске қосу үстіміздегі  жылдың қыркүйек айына белгіленген.

 

2018 жылы ҚБТУ Рединг Университеті  (Хенли Бизнес  Мектебі, Ұлыбритания)  және Құрманғазы атындағы консерваториямен бірге  CreativeSpark  бағдарламасы шеңберінде  кәсіпкерлікті дамыту бойынша  5 жылдық жоба бойынша грант иеленгенін естеріңізге сала кетелік.  2019 жылы аталған жоғары оқу орындары альянсы күш біріктіре отырып,  Рединг университеті базасында  кәсіпкерлікке, сандық маркетингке, көшбасшылыққа және  авторлық құқықтарды қорғау бойынша курсқа оқыту бойынша хакатондар мен буткамп өткізді. Осы жылдың сәуірінде  ҚБТУ базасында халықаралық конференция болып өтті, оның шеңберінде  ТМД елдері мен  алыс шетелдерден  ірі компаниялар мен табысты кәсіпкерлер кәсіпкерлік бойынша шеберлік сыныптары мен   британ жоғары оқу орындарының IDEA Fest стартаптары конкурсы өткізілді. Маусымда оның жеңімпазы Арон Қаратаев IoT пайдалану арқылы өз стартапын ұсынды және  Редингте  буткампқа сапар жасады.

 

Creative Spark for Higher Education бағдарламасы жөнінде толығырақ: https://creativespark-bigidea.uk