11 қарашада КБТУ-да Яндекс компаниясының «Іздеу ML-технологиялары» тақырыбындағы воркшопы өтті. Іс-шара барысында қатысушылар алгоритмдердің адамдарға, өнімдерге және бизнеске қалай әсер ететінін білді.
Алғы сөзімен Яндекс Браузердің ML-бөлімінің жетекшісі Сергей Юдин сөз сөйледі. Ол сондай-ақ воркшоптың негізгі спикері болды.
Воркшоптың мақсаты – студенттердің машиналық оқыту және іздеу технологиялары саласындағы білімін тереңдету, сонымен қатар қазіргі алгоритмдердің ақпарат іздеуді қалай оңтайландыратынын және бизнеске жақсы нәтижелерге жетуге қалай көмектесетінін көрсету болды. Қатысушылар Яндекс ML-технологияларын өз қызметтерінің жұмысын жақсарту үшін қалай қолданатынын және бұл әзірлемелердің әртүрлі салаларда қалай пайдалы болатынын түсінді.
«Воркшопта сұрақ қойып, Алисаны ұтып ал» байқауында белсенділік танытқан үш студент жеңімпаз атанды:
- Тен Ольга
- Жолдасбай Жандар
- Шамшиева Аружан
Іс-шараның қорытындысы бойынша жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды. Воркшоптың негізгі бөлігінен кейін кофе-брейк ұйымдастырылды. Онда қатысушылар тек сөйлесіп қана қоймай, сарапшылармен сұрақтар талқылап, тәжірибе алмасып, жаңа кәсіби байланыстар орната алды.
Бұл шара студенттерді IT саласындағы қазіргі заманғы сын-қатерлерге дайындауда маңызды қадам болды деп сенеміз!