2024 жылдың 25-27 қазанында Пекин конференц-орталығында мультифизикалық байланыс теориясы және оның геотехникадағы қолданылуы бойынша 8-ші ғылыми конференция, сондай-ақ энергетика және ресурстар механикасының теориясы мен технологиясы бойынша ғылыми конференция өтті. Форумды Пекин ғылым және технология университеті ұйымдастырды. Іс-шараға Қазақстан-Британ техникалық университеті (ҚБТУ) қатысып, оны «Бір белдеу, бір жол» ҒЗИ директоры Айдарова С.Б. және бас менеджер Темірхан А. таныстырды.
Бұл конференция халықаралық және жергілікті сарапшылар, ғалымдар мен инженерлерге геотехникадағы мультифизикалық байланыс саласындағы соңғы ғылыми нәтижелермен, практикалық тәжірибемен және жетістіктермен алмасу үшін жоғары деңгейлі платформа ұсынды. Талқылаулар энергетикалық ресурстар мен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған мультифизикалық байланыс теориялары мен технологияларындағы инновациялар мен әзірлемелерге арналды, бұл академиялық және техникалық ынтымақтастықты дамытуға және ілгерілеуге ықпал етті.
Негізгі назар көміртек шығарындыларын төмендету және көміртек бейтараптығына қол жеткізу бойынша ұлттық стратегияға, сондай-ақ энергетикалық ресурстар экономикасының «жасыл» және тиімді дамуына бағытталды. Сондай-ақ, күрделі геологиялық, инженерлік және энергетикалық жағдайларда жылу-гидравликалық-механикалық және химиялық өзара байланысқа қатысты жаңа мәселелер мен күрделі міндеттер туындады.
Профессор С.Б. Айдарова пленарлық баяндама жасап, коллоидтық химия және нанодисперстік материалдар бойынша ҚБТУ-дың тәжірибесі туралы айтып өтті, бұл әртүрлі салаларда өнеркәсіптік қолдануға негіз бола алады. Форумға қатысу осы саладағы Қытайдың жетекші университеттерінің өкілдерімен жаңа іскерлік байланыстар орнатуға да ықпал етті.
ҚБТУ интеграциялық процестер мен технологиялық жаңғыртуға елеулі үлес қоса отырып, білім беру және инновациялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырады.