28 қазан мен 2 қараша 2024 жыл аралығында Пекин қаласында «Белдеу мен жол» бастамасының 10 жылдығына арналған ғылыми, технологиялық және гуманитарлық алмасу форумы өтті. Іс-шараға Қазахстан-Британ Техникалық Университетінің (ҚБТУ) ректоры М.Т. Габдуллин бастаған делегациясы қатысты. Форумды Пекин ғылым және технологиялар университеті (USTB, ҚХР) ұйымдастырды.
▫️Бұл шара Еуропа, Азия, Таяу Шығыс, Латын Америкасы және Африка елдерінің халықаралық ұйымдары арасындағы интеграциялық процестерді нығайтатын бірегей алаңға айналды. Форумда «Белдеу мен жол» бойындағы елдерде жоғары білім беруді дамытуға бағытталған инновациялық шараларға, бірлескен жоспарлау жұмыстарына және ғылыми, технологиялық және гуманитарлық алмасуды сапалы деңгейге көтеруге басты назар аударылды.
2024 жылдың 31 қазанында Пекин ғылым және технологиялар университеті (ҚХР), «Қазақстан-Британ Техникалық Университеті» АҚ (Қазақстан) және мұнай барлау және өндіру ғылыми-зерттеу институты, СИНОПЭК (ҚХР) арасында энергетикалық ресурстар бойынша Халықаралық Қытай-Қазақстан бірлескен зертханасын құру туралы ынтымақтастық меморандумы мен өзара түсіністік меморандумына қол қою рәсімі өтті.
Форумда Шикізат және жасыл технологиялар мектебінің профессоры, «Бір белдеу, бір жол» мұнай инженериясы институтының директоры Айдарова С.Б. баяндама жасап, ҚБТУ-дың ғылым мен білімді интернационалдандырудағы жетістіктері, инновациялық шаралары мен «Белдеу мен жол» бойындағы елдерде жоғары білімді бірлесіп дамыту перспективалары туралы айтып өтті.
ҚБТУ «Белдеу мен жол» бойындағы елдерде білім және инновация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытып, ғылыми, технологиялық және гуманитарлық алмасудың сапасын арттыруға елеулі үлес қосуға ниетті.