Француз жазушысы Лабулэ: «Халықтың қадір-қасиетін оның сіңірген кітаптарының санына қарап анықтауға болады...» деп жазды. ҚБТУ Ғылыми кітапханасы осы жазушының сөзін қуаттайды және ағымдағы жылдың 24 қазанында «Gift a Book, Gift a Future» атты бұрын-соңды болмаған кітап тарату науқанын өткізді, оның мақсаты – жастар арасында кітапқа деген қызығушылықты арттыру және кітап оқуды насихаттау. Акция аясында кітапхана қорынан шығарылған кітаптар оқырмандарымызға тегін таратылды.

 

Науқанда мұнай-газ инженериясы, информатика, математика, экономика және менеджмент бойынша кітаптар, түрлі сөздіктер мен көркем әдебиет кітаптары болды. Көптеген кітаптар жаңа иелерін тапты, оқырмандарымызға пайдасын тигізеді деп сенеміз. Студенттер үшін арт-терапия алаңы да ұйымдастырылып, олар бос уақытында суреттерді бояп, күзгі қолөнер жасады.

Іс-шараға ҚБТУ басшылығы да қатысып, бастаманы қолдап, қатысушылармен тілдесіп отырды.

 

Бұл шара университетіміздегі оқу мәдениеті мен өзара әрекеттестіктің дамуына ықпал еткен маңызды оқиға болды.

Шараға келіп, қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет! Пікірлеріңізді қалдырыңыз және әсерлеріңізбен бөлісіңіз!