ҚБТУ Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің студенті Абзалханұлы Алан және ҚБТУ-дың BrevnoKz командасының өкілі Google Build with AI: Sustainable Growth байқауының финалына өтіп, Грузия, Әзірбайжан, Армения және Орталық Азия елдерінен үздік 21 жобаның қатарына енді. Команда өз жобасын осы елдердің министрліктері мен технопарктерінің өкілдерінен құралған қазылар алқасының алдында таныстырады. BrevnoKz жобасы жасыл желектер мен қалалық инфрақұрылымды жасанды интеллект пен деректерді пайдалана отырып талдайды. Олар қала картасын жасап, ондағы жасыл аймақтарды көрсетеді және API көмегімен ауаның ластану деңгейін зерттейді. Осы деректерге сүйене отырып, жасанды интеллект ауаның айналымын жақсартып, қаладағы тұманды азайту үшін ағаш отырғызудың ең оңтайлы орындарын ұсынады.
BrevnoKz командасы техникалық критерийлер бойынша жоғары балл жинады. ҚБТУ студенттері Алан Абзалханұлы (ШИТиИ), Асыл Крымова (БШ), Жамбыл Альтаир (ШИТиИ) және Аяулым Тұрсынды керемет нәтижемен және халықаралық байқаудың финалына шығуымен құттықтаймыз!