Республика күні қарсаңында ҚБТУ-да қазақ халқының тарихындағы шынайы оқиғаларға негізделген «Үрей» («Бремя страха» – орысша нұсқасы) романының таныстырылымы өтті.
Бұл шығарманың авторы – танымал қаржыгер, Қазақстанның еңбек сіңірген экономисі Қолан Аманов (1932–2019). Ол Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі болған, сондай-ақ елдің әлеуметтік және мәдени өміріне арналған төрт көркем әдеби кітаптың, көптеген очерк пен әңгімелердің авторы.
Романның таныстырылымын автордың қызы, «Erkin El» қоғамдық бірлестігінің тең құрылтайшысы Жанат Бердалина жүргізді. Жанат Бердалина он жылдан астам уақыт бойы KPMG компаниясының Қазақстан мен Орталық Азиядағы басқарушы серіктесі және президенті қызметтерін атқарып, өңірдегі корпоративтік сектордың дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі болды.
Роман студенттер мен жас оқырмандардың арасында жанды әсер қалдырды. Презентация динамикалық дискуссияға ұласып, қатысушылар шығармадағы негізгі тақырыптарды қызу талқылады. Іс-шара соңында КБТУ студенттері қонақтарды роман көтерген маңызды мәселелерге арналған ашық дәрістер цикліне шақырды.