2024 жылғы 10 қазанда «Туран» университетінде өткен Еуразиялық ғылымды коммерцияландыру форумы аясында КБТУ жобаларды басқару офисінің ESG Lab бөлімі «ESG трансформация: ғылым мен бизнестің синергиясы» тақырыбындағы сессияның тең ұйымдастырушысы ретінде қатысты.
Сессия барысында шақырылған кәсіпорындар мен серіктестерге ESG жобалары таныстырылды. Олардың қатарында: «Қазақстан химия өнеркәсібі одағы» ЗТБ, «ҚазАзот» АҚ, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС, «Қазцинк» ЖШС, «Engineering Center» ЖШС, Baiterek Venture Fund, Valuemont Орталық Азия, Caravan Resources Group, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ, «Сколково» қоры және экологиялық ұйымдар бар.
ҚБТУ-ды Д.В. Сокольский атындағы Отын, катализ және электрохимия институтының келесі бағыттардағы жобалары таныстырылды:
газ тәрізді қалдықтарды тазартуға арналған каталитикалық бейтараптандырғыштарды әзірлеу және өндіру;
жылу алу және өсімдіктерді тыңайтқышпен қамтамасыз ету мақсатында СО2-ге дейін каталитикалық жалынсыз жағу;
кластерлік катализаторлар арқылы табиғи және жаңартылатын газ тәрізді шикізаттан құрамында сутегі бар отындар әзірлеу;
жаңартылатын энергия көздеріне арналған күн элементтерін өндірудің жаңа технологиялары.
Сондай-ақ, ҚБТУ жобаларды басқару офисінің ESG Lab бөлімінің қызметі мен даму жоспарлары таныстырылды.