30 қыркүйекте ҚБТУ-да Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған іс-шара өтті. Құттықтау сөзін Ректор (Басқарма төрағасы) Габдуллин Маратбек Тулебергенович оқытушылар мен студенттерді мерекемен құттықтап, мұнай-газ индустриясының Қазақстан үшін маңыздылығын атап өтті.
Энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебінің деканы Исмаилов Абдулахат Абдукаримович биылғы оқу жылында университет "Мұнай-газ ісі" білім беру бағдарламасы бойынша рекордтық саны студенттерді қабылдағанын айтты. Сонымен қатар, ол Энергетика және мұнай-газ индустриясы мектебі жыл сайын екі ірі халықаралық конференция ұйымдастырып, ҚБТУ-да жазғы мектептер өткізетінін атап өтті.
ҚБТУ-дың оқытушылық құрамы, белсенді студенттер және GPA көрсеткіші жоғары студенттер марапатталды. Бұл сәт іс-шараның маңызды бөлігі болып, университеттің дамуына қосқан оқытушылар мен студенттердің үлесін, сондай-ақ олардың оқу жетістіктерін атап өтті.
Кездесуге SLB, Welbore Integrity Solutions және ROSEN Group сияқты индустрия өкілдері қатысты. Олар студенттерді құттықтап, сәтті мансаптық өсу тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, 2017 жылғы "Мұнай-газ ісі" бағдарламасының түлегі мен 2022 жылғы магистратура түлегі шақыртуға алғыс білдіріп, студенттерге сәттілік тіледі.