Yandex Qazaqstan Қазақстан-Британ техникалық университетінің студенттерімен, Қазақстан Республикасы Зоология институтының мамандарымен және Snow Leopard Foundation қорымен бірлесіп, қар барыстарын тануға арналған нейрондық желіні әзірледі. Нейрондық желі қар барыстарын басқа жануарлардан ажырату ғана емес, оларды жеке дарақ ретінде анықтау мүмкіндігіне ие, бұл ғалымдарға сирек кездесетін бұл жануарларды тиімдірек зерттеуге және олардың популяциясын сақтауға арналған шараларды әзірлеуге көмектеседі.
Жоба Yandex Cloud платформасында жүзеге асырылды, онда компанияның сарапшылары ҚБТУ-дың Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің студенттері Иғали Аян Аманжанұлы, Огай Михаил Сергеевич және Шарипова Әдемі Дәулетқызына менторлар ретінде қолдау көрсетті.
«ҚБТУ-да біз студенттерді қолданбалы білімнің маңыздылығы мен оны қоғамға пайда келтіруге бағыттаудың жолдарын үйретеміз. Бұл жоба ML-технологияларының жаһандық экологиялық мәселелерді шешуге қалай көмектесе алатынын көрсетеді. Біздің студенттер бұл процеске белсенді қатысып жатқанына қуаныштымыз. Олар мұндай жобаларға қажетті техникалық дағдыларға ғана емес, сондай-ақ Қызыл кітапқа енген жануарларды қорғау мәселелеріне деген әлеуметтік жауапкершілікке де ие», — деп атап өтті ҚБТУ ректоры Габдуллин Маратбек Тулебергенович