Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің студенттері Альтаир Жамбыл мен Алан Абзалханұлы Google Build with AI for Sustainable Growth хакатонының финалына шықты. Олардың BrevnoKz жобасы жасыл аймақтар мен қалалық инфрақұрылымды жасанды интеллект технологиялары арқылы талдауға бағытталған. Жобаның басты мақсаты – қаланың интерактивті картасын жасап, ағаштар мен жасыл аймақтарды көрсету. Сонымен қатар, API арқылы ауаның ластану деңгейі талданып, осы деректер негізінде жасанды интеллект ағаш отырғызуға ең қолайлы орындарды ұсынады. Бұл қаладағы ауаның айналымын жақсартып, түтін мен ластану деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің студенттерінің бұл инновациялық бастамасы жоғары бағаланды. Біз оларға хакатонның финалында сәттілік тілейміз және жобаларының қалалардың экологиялық жағдайын жақсартуға және тұрақты дамуға маңызды үлес қосатынына сенеміз!