KazHackStan конференциясы — Қазақстанда жыл сайын өткізілетін ақпараттық қауіпсіздік саласындағы шара, ол киберқауіпсіздік бойынша сарапшыларды, зерттеушілерді және әуесқойларды біріктіреді. Конференция аясында «CyberKumbez» киберполигонында жарыстар өткізіледі.

2024 жылдың 11-13 қыркүйек аралығында ҚБТУ түлектері Қабыл Қанат пен Бекмағанбет Нұрхат «Scimus Verum» командасының құрамында KazHackStan 2024 киберполигонында 4-орын алды. Жарысқа Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзірбайжан сияқты елдерден келген командалар қатысты. «Scimus Verum» командасы шлагбаум жүйесін бұзып, бизнес тәуекелдерін анықтап, инфрақұрылымдағы осалдықтарды табу бойынша жетекші командалардың бірі болды.

ҚБТУ-дың 4-курс студенттері Жақаева Жанель мен Сәдуақас Сұлтан KazHackStan жыл сайынғы CTF жарысына «Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік жедел орталығы (АҚЖО) атынан blue team құрамында қатысты. Олар 20 800 балл жинап, ұйымдастырушылардың дипломдарымен марапатталды. Екі студент те «Қазақтелеком» АҚ-ның ақпараттық қауіпсіздік басқару орталығының екінші желісінде жұмыс істейді.