ICPC (International Collegiate Programming Contest) — бұл жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізілетін халықаралық бағдарламалау байқауы. Бұл байқау ақпараттық технологиялар мен бағдарламалау саласында ең беделді сайыстардың бірі болып табылады, өйткені ол бағдарламалау мен алгоритмдік ойлауды дамытуға көмектеседі, сонымен қатар университеттер мен компаниялар арасында өзара байланыс алаңы қызметін атқарады. Осы олимпиадаға қатысу болашақ мамандарға әлемдік ірі IT-компанияларда мансап бастауға жол ашады. Биыл халықаралық олимпиада 15-20 қыркүйек аралығында Астана қаласында өтті – оған 50 елден 1400-ден астам қатысушы қатысты. Оларға MIT, Harvard, KAIST, Tsinghua, Oxford, МФТИ сияқты беделді жоғары оқу орындарының студенттік командалары қатысты.

ҚБТУ командасы еліміз тарихында алғаш рет әлемнің 140 командасы арасында ең қиын есепті (problem D) шешкен алғашқы команда ретінде марапатқа ие болды. Айта кету керек, ҚБТУ командасы ICPC әлемдік финалына 8 рет іріктелген — бұл Қазақстан Республикасы бойынша ең үздік көрсеткіш.

Биылғы жылдың финалына ҚБТУ командасының құрамында студенттер: Аманбол Канатулы, Иван Топурия, Динмухамед Турсынбай және команда бапкері, Ақпараттық технологиялар және инженерия мектебінің үйлестірушісі Алимжан Аманов қатысты.

Бүгінгі таңда ICPC байқауына қатысқан қатысушылардың көпшілігі әлемнің түкпір-түкпірінде IT саласында қызмет көрсетуде, олар Google, Microsoft, Booking.com, Facebook сияқты халықаралық компанияларда жұмыс істейді. Қазақстаннан финалға 5 команда қатысты: ҚБТУ, IITU, AITU, Назарбаев Университеті және SDU University.

ICPC финалы жыл сайын өткізіледі, жыл бойы аймақтық іріктеу турлары өтеді. Қазақстан командасы Northern Eurasia (Солтүстік Еуразия) аймағында қатысып, ТМД-ның мықты жоғары оқу орындарымен сайысқа түседі.