ҚБТУ профессоры Чокан Лаумулин Еуропалық экономикалық комиссиясының (ЕЭК БҰҰ) тұрақты энергетика комитеті төрағасының орынбасары лауазымына екінші мерзімге қайта сайланды.

Өз сөзінде профессор Қазақстандағы АЭС салу туралы ұлттық референдумның, Душанбедегі SPECA форумдарының және Бакудегі COP-29 конференциясының аймақтық және әлемдік энергетикаға, сондай-ақ Париж келісіміне сәйкес 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсатында Қазақстан үшін маңыздылығын атап өтті.

2025 және одан кейінгі жылдарға арналған жұмыстардың негізгі бағыттары ретінде ҚБТУ-да ЕЭК БҰҰ құзыреттер орталығын құру, ЕЭК БҰҰ қамқорлығымен Алматы энергетикалық форумын өткізу, сондай-ақ Кавендиш зертханасымен (Кембридж университетінің физика департаменті) бірлесіп жаңа сверхпроводник материалдар тобының ғылыми зерттеулерін дамыту, криогеника, сверхпроводимость және кремнийсіз электроника саласындағы жобалар анықталды.

Чокан Тураровичті құттықтаймыз, алдағы уақытта үлкен жетістіктерге жетуін тілейміз!