2013 жылғы 7 қыркүйекте ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға сапары барысында «Бір белдеу, бір жол» бастамасын алғаш рет ұсынды. 2024 жылғы 6 қыркүйекте Қазақстан астанасы Астана қаласында осы бағдарлама алғаш рет басталған жерде «Мұнайдың сырын ашу» кітабының қазақ тіліндегі алғашқы халықаралық тұсаукесері өтті.

 

Іс-шараны Қытайдың Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы (CNPC) ұйымдастырды және оған Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Құрметті қонақтар қатарында Қазақстандағы ҚХР Елшісі Чжан Сяо болды. ҚБТУ атынан Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Джумасейтова Асель Кенесовна сөз сөйледі.

 

«"Мұнайдың сырын ашу" кітабы кез келген жастағы балаларға арналған және оның қазақ тілінде басылып шығуы Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени алмасу мен байланыстарды нығайтудың маңызды оқиғасы болып табылады. Менің ойымша, "Мұнайдың сырын ашу" кітабының қазақ тілінде шығуы екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың одан әрі дамуына маңызды үлес қосады», - деп атап өтті Вице-министр Ербол Әліқұлов