ҚБТУ және Қазақстан Ұлттық Банкі бірлескен MBA «Қаржылық тәуекелдерді басқару және деректер ғылымы» магистрлік бағдарламасы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен жүзеге асырылып, табысты аккредитациядан өтті және Халықаралық тәуекелдерді басқару мамандары қауымдастығының (GARP) академиялық серіктесі мәртебесін алды.

 

GARP аккредитациясы біздің университетіміздің академиялық бағдарламасының жаһандық FRM сертификаттау бағдарламасының қатаң талаптарына сәйкестігін мойындау болып табылады.

 

MBA «Қаржылық тәуекелдерді басқару және деректер ғылымы» бағдарламасының GARP (Халықаралық тәуекелдерді басқару мамандары қауымдастығы) аккредитациядан сәтті өтуі – бұл КБТУ, Қазақстан Ұлттық Банкі және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тиімді серіктестігінің, оқытушылардың кәсіпқойлығы мен тартылуының, сондай-ақ білім беру бағдарламасының smart-басқаруының нәтижесі.