Бұл құжат ғылымды дамытуға және технологиялық саясатты іске асыруға, елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін ғылыми жетістіктердің нәтижелерін енгізуге, сондай-ақ ғылыми қызметтің стратегиялық, кәсіби және әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған.
Атап айтқанда, Заңда келесі инновациялар көзделген:
Идея мен прототиптерден бастап сериялық өндіріске дейінгі ғылыми зерттеулерді іске асыруға негізделген және технологиялық дайындықты (TRL) бағалаудың жаңа тетігі енгізілді;
Жас ғалымдарға жеңілдікпен кредит беру шеңберінде ғылыми қызметкерлерге әлеуметтік қолдау және ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыратын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне салықтық жеңілдіктер/шегерімдер көзделген;
Инновациялық инфрақұрылымды қолдау және қаржыландыруды тарту үшін Ғылым қорының Технологияларды коммерцияландыру жөніндегі ұлттық агенттік ретіндегі мәртебесі кеңейтілді;
Жоғары ғылыми ұйым түріндегі Ұлттық Ғылым академиясының жаңа мәртебесі анықталды;