25-29 маусым аралығында ҚБТУ делегациясы Қытай Халық Республикасына іс-сапармен барды. Сапардың мақсаты - өндіріс, білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қытай-Орталық Азия конференциясына қатысу, сондай-ақ ҚБТУ, Карамайдағы Қытай мұнай университеті және Xinjiang Кeli New Technology Development Co компаниясы арасындағы үшжақты шартқа қол қою болды.

 

27 маусымда ҚБТУ делегациясын ғылым және инновациялар жөніндегі проректор Дидар Галимович Батрышев басшылығымен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының үкіметі қабылдады. Сонымен қатар Карамайдағы Қытай мұнай университетімен танысты.

 

Келесі күні конференцияның ашылуы өтті. Іс-шара барысында ҚБТУ, Карамайдағы Қытай мұнай университеті және Xinjiang Keli New Technology Development Co компаниясы арасындағы үшжақты келісімге қол қойылды. Сондай-ақ, ҚБТУ делегациясы конференцияға белсенді қатысып, "Энергоөткізудің білім беру бағдарламасын құру туралы"баяндама жасады.

 

Сапар барысында ҚБТУ өкілдері университеттің зертханалық базасына және Қарамай мұнай колледжіне барып, одан әрі ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Кешке делегация Xinjiang Keli New Technology Development Co компаниясымен іс-сапарды тәмәмдады.