“Kazakhstan Petrochemical Industries Inc."Қазақстан-Британ техникалық университеті ғылыми-зерттеу және білім беру ынтымақтастығын дамыту мақсатында меморандумға қол қойды.

 

Келісім шеңберінде студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрам үшін сарапшыларды тарта отырып, қонақ дәрістер, тағылымдамалар, түлектерге рекрутинг өткізілетін болады, бірлескен іс-шараларды (симпозиумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар) ұйымдастыру, ҚБТУ үздіксіз білім беру департаменті базасында KPI қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, ЕМВА, DBA-да оқыту, бірлескен жұмыстар, индустриялық комитет, консультативтік кеңес сияқты ҚБТУ алқалы органдарының жұмысына қатысу.

 

Кездесу барысында KPI Inc компаниясының PR және GR қызметінің басшысы. Талғат Омаров газ-химия кешені мен ҚБТУ университетінің бірлескен жұмысы екі тарап үшін де жемісті болатынына сенім білдірді.