Қазақстан-Британ Техникалық Университеті (ҚБТУ) ЕМВА "Жобаларды басқару" бағдарламасы бойынша "Қазатомөнеркәсіп"ҰАК" АҚ компаниялар тобының қызметкерлерін офлайн оқытудың басталғанын хабарлайды.
Осы бағдарлама шеңберінде Қазақстанның жетекші компанияларының бірінің мамандары өз біліктілігін арттыруға және тиімді басқару үшін қажетті дағдыларды дамытуға бірегей мүмкіндік алады.
Офлайн оқытудың басталуына орай салтанатты іс-шараға ҚБТУ өкілдері қатысты: Ректор (Басқарма Төрағасы) Габдуллин Маратбек Тулебергенович, қаржы директоры Жумагалиева Раушан Тлектесовна, сондай-ақ қосымша білім беру жөніндегі Басқарушы Директор Ибраев Арман Муратович, құттықтауларға "Жоғары технологиялар институты" ЖШС "Қазақстан ядролық университеті" филиалының директоры-ректоры Қайнбаев Нурсултан Алмасулы және оқыту бөлімінің бастығы Қапан Жеңісбек , "Қазатомөнеркәсіп" ҰАК" АҚ еңбек сіңірген қызметкері Сафура Сибагатуллаена Мухамедиева студенттерге оқуда сәттілік пен табыс тіледі.