"ҚБТУ" АҚ мен "BI University" ЖШС арасындағы ынтымақтастық аясында үздіксіз білім департаменті 2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін табысты іске асырып келе жатқан MBA білім беру бағдарламасы бойынша Алматыда 31 мамыр мен 1 маусым аралығында BI University корпоративтік Тапсырыс беруші топтарының бірінің "Стратегиялық менеджмент" бағыты бойынша модуль өткізілді.
"ҚБТУ" АҚ модулі MBA магистранттарына заманауи бизнестегі стратегиялық басқарудың негізгі аспектілерін терең зерделеуге, өз компанияларында стратегияларды табысты іске асырудың практикалық мысалдарымен танысуға бірегей мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, университет қызметкерлері магистранттарға "Робототехника және мехатроника", "Schneider Electric", Қазақстан теңіз академиясының жүріс көпірінің симуляторы, "Baker Huges", "Smart field Airankol", "Баламалы энергетика және нанотехнология", "Honeywell" зертқаналары бойынша экскурсия өткізді. Магистранттар оларды тәжірибеде қолдану үшін жаңа білім алып қана қоймай, ЖОО тарихымен танысты.