16-17 сәуірде Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) делегациясы моңғол университеттерімен және Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігінің өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді.

 

Осы кездесулер барысында ҚБТУ мен Мандах университеті арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Бұл ынтымақтастық білім беру тәжірибесімен алмасу, бірлескен ғылыми жобалар мен бағдарламалар, әлеуметтік-мәдени байланыстарды нығайту және студенттердің, оқытушылар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын қоса алғанда, көптеген бағыттарды қамтиды.