19 сәуірде ҚБТУ-да "ESG ландшафты: цифрлық трансформация қырлары, инновациялар және тұрақтылық көрсеткіштері"өзекті тақырыбы бойынша мамандандырылған сессия өтті.

 

ESG – экологиялық (e – environmental), әлеуметтік (s – social) және басқарушылық (G-governance) жауапкершілік, экология мен әлеуметтік салаға теріс әсерді азайту, корпоративтік басқару қағидаттарында бизнесті этикалық жүргізу тұжырымдамасы.

 

Техникалық күнді ҚБТУ жобаларды басқару кеңсесі ұйымдастырды.

 

ҚБТУ ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Батырышев Дидар Ғалымұлы өзінің сөзінде іс-шара сараптамасының жоғары деңгейін атап өтіп, ҚБТУ өңірдің жетекші білім беру және ғылыми орталықтарының бірі бола отырып, өзінің зертханалық базасында нарыққа сұранысқа ие инновацияларды әзірлеу үшін барлық қажетті аккредиттеулерге және жоғары әлеуетке ие екенін атап өтті.

 

Соңында, Technical Day қатысушылары үшін озық бейінді зертханалар бойынша экскурсия өткізілді.